13.11.2018, 12:27
Оқылды: 65

Жаңақалалық құрылысшыға ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілді

Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы» Мақсұт Бекқұловты арнайы қабылдады.

janaqala

         Қабылдауда жерлесіміздің өмір, еңбек жолын әңгімелеген аудан басшысы:

         - Сіз елдің бір бәйтерегісіз. Туған жеріңізді ұмытпай, үнемі атізін салып тұратыныңыз үлгі. Қазақстан құрылысы саласындағы еңбегіңізді ел біледі, жерлестеріңіз мақтан тұтады,- деп Жаңақала ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілгенін айтып, арнайы белгіні кеудесіне тақты.

         - Елге келген сайын өзгерген өлкемді көріп, марқайып қайтамын. Биыл да туған жерім құм етегіндегі Мұқыр ауылына табиғи газ бен таза су жеткенін көріп, қатты қуандым. Ауыл музейіне кіріп, өткен өмірім, балалық шағыммен жүздескендей болдым,- деді Мақсұт Шайхысләмұлы.

         Ардагердің сөзін жары Ләззат Бекқұлова да қуаттап, ризашылығын ақтарыла жеткізді.

Өмірзақ АҚБАСОВ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале