10.05.2018, 16:11
Оқылды: 81

Жаңақалалық майдангерге құрмет көрсетті

«Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов соғыс ардагері Арыстанғали Қойысовтың шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

-Сіздер бізге бейбіт өмір сыйладыңыздар. Жас ұрпақ ерліктеріңізді мәңгі ұмытпайды. Өміріңіз ұзақ болсын!-деп тілегін білдірген Р.Саматов майдангерге «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің және өзінің құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады.

Ардагер өз кезегінде құрмет көрсеткен партия өкіліне ризашылығын білдірді.

 

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале