19.04.2018, 12:40
Оқылды: 51

Жаңақалалық оқушылар асық атудан республикалық жарысқа жолдама алды

20171123160054Орал қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 11-13 сәуір аралығында асық атудан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен болатын.

2005-2007 жылдары туған балалар арасында өткен жарысқа ауылымыздың ұл-қыздары да белсене атсалысты.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Қ.Серіковтің жетекшілігімен аудан намысын қорғауға Аят Есенболатов, Нұрдәулет Нәсіпқалиев, Мерей Саматов, Жұлдыз Оспанова, Зухра Смағұлова, Меруерт Қарасаева қатысты.

Бұл балалар облыстық деңгейдегі жарысқа алғаш рет шыққанымен де, ұл балалар «Бес табан» ойынынан, ал қыз балалар «Бес асық» ойынынан жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсете білді. Жаңақалалықтардың бұл жарыста асығы алшысынан түсіп, командалық есепте жүлделі I орынды иеленді. Ұлдар «Бес табаннан» I орын, ал қыз балалар «Бес асықтан» III орынды олжалады. Жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшыларымыз Көкшетау қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама жеңіп алды.

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале