25.02.2019, 12:30
Оқылды: 68

Жаңақалалық оқушылар батырлар жырын жатқа айтып сайысты

«Батырлар жыры» байқауы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

 IMG_1704

         Байқауға 5 пен 7-сынып оқушылары қатысты. Олар батырлар жырын жатқа айтып, сурет салып, тест сұрақтарына жауап берді.

         Сайыстың «Жақсылар, дастан айтайын» атты бөлімінде қатысушылар «Ер Тарғын» немесе «Қамбар батыр» жырын жатқа айтты. Бұл бөлімде Д.Нұрпейісова атындағы мектептің оқушысы Аймырза Абайұлы бас жүлдені жеңіп алды.

 Келесі «Батыр келбеті» кезеңінде оқушылар жырдың сюжетіне байланысты тақырыптық сурет салып, мән-мазмұнын түсіндірді. Мұнда бас жүлдені Ә.Жангелдин атындағы мектептің оқушысы Инабат Медхатов иеленді.

          «Рухани азық аламын» бөлімінде қатысушылар «Ер Тарғын» және «Қамбар батыр» жырына байланысты әзірленген тест сұрақтарына жауап берді. Осы бөлімде өзгелерден озық шыққан Карманов мектебінің оқушысы Ерасыл Қабиев бас жүлдені қанжығаға байлады. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар берілсе, жетекшілеріне алғысхат табыс етілді.

IMG_1745 IMG_1748 IMG_1762

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале