8.06.2017, 19:14
Оқылды: 26

Жаңақалалық өнерпаздар халықаралық фестивалден жүлделі оралды

Аталған фестиваль Алматы қаласында «Күншуақ» атауымен ұйымдастырылды.

Биылғы жылы ХІІІ рет ұйымдастырылып отырған бұл халықаралық өнер додасында ауданның жас бишілері қатысып, жүлделі орындарды еншіледі. Сайыс «вокал», «хореография» және «аспапты музыка» номинациялары бойынша үш жас топтары арасында өткізілді.

Атап айтар болсақ, «хореография» номинациясы бойынша ересектер тобында өнер көрсеткен жаңақалалық «Гүлдәурен» би ансамблі жүлделі ІІ орынға ие болса, осы жанр бойынша кіші топта өнер көрсеткен «Қызғалдақ» би тобы жүлделі ІІ орынға қол жеткізді. Сондай-ақ жас өнерпаздарды бастап барған жетекшісі Элеонора Валиева сайыстың арнайы дипломымен марапатталған.

Надежда ЕСЕТОВА,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале