22.11.2019, 16:20
Оқылды: 49

Жаңақалалық өрендер жүлделі келді

Ақтөбе қаласында «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық «Ұлы дала ұрпағы» атты байқау өтті.

janaqala julde

Аталмыш байқауға Жаңақаладағы Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқушылары әр түрлі жанр бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтар болсақ, «Домбыра» номинациясында кіші топта өнер көрсеткен Асылгүл Мергенғали III, Ерген Ғиният II орынға ие болса, бағы мен бабы қатар шапқан Нұрәлі Арматұлы жүлделі I орыннан көрінді. Орта топта Дархан Қаберовтың шәкірттері Ғалимат Мұстажап пен Аңсар Уахит III орынды місе тұтса, Арайлым Мақсотова мен Гүлзада Сағатова II орынды иеленді. Бұдан бөлек Ақгүл Кәрім мен Дильназ Асқар II орынды қанағат етсе, Гүлсая Өмірзақова мен Алмас Мақсотов I орынды қанжығасына байлады. Ал өнер сайысында оқ бойы оза шапқан Дінмұхаммед Сыйықов байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

Келесі кезекте жасөспірімдер тобында өнер көрсеткен Шыңғысхан Қайратов I орынды иеленсе, «Вокал» номинациясында кіші топтың көркін қыздырған Аянат Махамбет пен Нұржауар Есенғабыл II орынға табан тіреді. Орта топта Жасмина Тұрсынғалиева III, Гүлсезім Уахит, Ернұр Аманбаев, Ажар Батыровлар II орынды еншіледі. Камилла Ғафарова I орыннан көрінсе, талайды талантымен тәнті етіп, көрерменнің ыстық ықыласына ие болған Меруерт Талғат бас жүлдені жеңіп алды. «Баян» номинациясында орта топта байқауда бақ сынаған Нұртас Жақсыбай III, Ерболат Еділ II орынды иеленді. Жасөспірімдер тобында Нұрдана Жақсыбаева II орынды еншілеп, ұлы даланың әнін әуелеткен Әділет Теміржанов бас жүлдеге лайық деп табылды. Қорқыт бабаның көзіндей болған ұлттық аспап «Қобыз» номинациясында Айзере Табылды, Айнұр Қапез, Алина Есенболат, Дарина Мырзаш III орынды иеленсе, Жанайым Асхатқызы жүлделі II орыннан көрінді. Орта топта өнер көрсеткен Гүлсезім Уахит пен Аңсар Уахитов III орынды өзара бөлісті. «Фортопиано» номинациясында бақ сынаған Анеля Чарлизова III орынды иеленді. Жас шәкірттердің жетекшілері Мергүл Асанова, Дархан Қаберов, Гүлайым Құспанова «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

 Шыңғыс Ромашев

 Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале