19.02.2019, 10:16
Оқылды: 28

Жаңақалалық палуандар ел біріншілігіне 5 жолдама алды

Жақында Орал қаласында қазақ күресінен 1999-2001, 2002-2003 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

janaqala

         Жарысқа Ақжайық, Бөкейорда, Жәнібек, Бөрлі, Сырым, Қазталов, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Бәйтерек, Тасқала, Жаңақала аудандарынан және Орал қаласынан 300-ге тарта палуан қатысты.

         Жаңақала аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі тобының жаттықтырушылары Замир Батыров пен Айбек Ишанов баптаған балуандар бабында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жаңақалалық оғландар облыс орталығында атой салып, жеңіс тұғырынан көрінді.

         Атап айтар болсақ, 46 келі салмақта болашағынан зор үміт күттіретін Жалғас Тілекқабылов қарсыласын шыдатпай, алып та, шалып та жығып, жарыстың жеңімпазы атанды. 100 келі салмақта Райымбек Жұмағұлов алтыннан медаль тақса, 90 келіде Саламат Сүндетов пен 82 келіде Тұранбек Жәрдемғалиев күміс жүлдені еншіледі. Ал қыздар арасында 70 келі салмақта Әмина Зиноллаева, 63 келіде Гүлназ Серікқалиева, 57 келіде Ақбота Нәсіпқалиевалар байрақты бәсекенің алтын жүлдесін иеленді. Бұдан бөлек 57 келі салмақта Айзада Ақылбекқызы күміс жүлдені олжаласа, 48 келіде Айдана Гайнуллина қола жүлдені қанжығасына байлады.

         Додада жеңімпаз болған жаңақалалықтар наурыз айында Ақтөбе қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды.

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале