13.03.2018, 14:31
Оқылды: 20

Жаңақалалық палуандар жеңіс тұғырынан көрінді

Таяуда Орал қаласында қазақ күресінен 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық қалалық турнир өтті.

Бұл жарысқа Ақтау, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және аудандардан 520-дан астам палуан қатысып, өз бақтарын сынады.

Облыс орталығында өткен спорттық додада жас барыстарымыз олжамен оралды.

Атап айтсақ, 23 келіде Шыңғыс Амангелді мен Бейбарыс Серікқали, 38 келі салмақта Иман Қадыров қола жүлдені еншілесе, 38 келіде Рахат Бибулатов күміс жүлдені иеленді. Ал 32 келі салмақта Ерасыл Ишанов алтыннан алқа тағынса, 42 келі салмақта Армат Даниялов жарыстың жеңімпазы атанды.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале