2.10.2018, 18:01
Оқылды: 52

Жаңақалалық спортшы ел біріншілігіне жолдама алды

Орал қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тоғызқұмалақтан ерлер мен айелдер арасында рапид және блиц түрлері бойынша Батыс Қазақстан облысының жекелей чемпионаты өткізілді.

Павлодарға жолдама алды

          :арысқа Орал қаласынан, МТЖО, БҚАТУ сынды іргелі оқу орындарынан, Бөрлі, Зеленов, Сырым, Шыңғырлау, Жаңақала аудандарынан 80-нен астам спортшы қатысты.

         Додада Жаңақала аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің де тоғызқұмалақшылары бақ сынап, жүлдегерлер сапынан көрінді.

         Нәтижесінде әйелдер арасынан блиц (шапшаң) ойын түрінен Ақгүл Бауыржанқызы алтын алқаны иеленіп, Павлодар қаласында өткізілетін ел біріншілігіне жолдаманы жеңіп алды. Ал рапид пен блиц түрлері бойынша Інжу Қайржанова қола жүлдегер атанды.

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале