3.01.2019, 16:11
Оқылды: 19

Жаңақалалық спортшылар Астанаға жолдама алды

Жақында Орал қаласында шағын футболдан жасөспірімдер арасында «Мектеп лигасы» атты облыстық жарыс өтті.

49203541_229401711313689_7764717142162800640_n

         Доп додасына Жаңақала орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы әрі жаттықтырушы Мерей Есімов пен Рада Мұхамбетқалиева баптаған оқушылар командасы қатысып, жүлделі I орынды иеленді. Сондай-ақ, ойын барысында шеберлігімен көзге түскен Амангелді Сатқали «Үздік ойыншы» атағын жеңіп алды. Бұдан бөлек мектеп командасы наурыз айында Астана қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алған.

         Аталмыш команда сапында Әділхан Байкенов, Амангелді Сатқали, Амангелді Сағынғалиев, Сағи Қайырғалиев сынды жас спортышлар бар.         

Абзал Ғұбайдуллин,

Жаңақала мектебінің дене шынықтыру

пәні бірлестігінің жетекшісі,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале