29.05.2017, 18:29
Оқылды: 16

Жаңақалалық тоғызқұмалақшылардың жарқын жеңісі

26-30 мамыр күндері Ақжайық ауданында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында Батыс Қазақстан облысының жекелей және жекелей блиц чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Орал қаласынан, Ақжайық, Бөрлі, Сырым, Жаңақала аудандарынан 100-ден астам спортшы қатысты.


4 күнге созылған байрақты бәсеке өте тартысты өтті. Ересек әрі тәжірибесі мол әккі ойыншылармен бірге түскен жаңақалалық жасөспірімдер оларды ойсырата жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Қайрат Маратұлы жаттықтыратын жаңақалалық өрендер тағы бір мәрте тоғызқұмалақтың қыр-сырын жетік меңгергендерін, шебер ойыншы екендіктерін дәлелдеп келді.

Ерлер арасында блиц түрінен Қайрат Шаутенов I орынды, Маралбек Темірғали II орынды, классика түрінен Шыңғыс Қайратов III орынды олжалады. Әйелдер арасында блиц түрінен I орынды Камила Гафарова иеленсе, III орынға Інжу Қайыржанова мен Аяжан Мағзумова қол жеткізді. Сондай-ақ, классика түрінен Інжу Қайыржанова I орынды, Аяжан Мағзумова II орынды еншіледі.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале