21.11.2017, 14:19
Оқылды: 25

Жаңақалалық жас барыстар жеңіс тұғырынан көрінді

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылында ҚР Құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Жұбаныш Жәрдемовтың жүлдесі үшін қазақ күресінен 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Спорттық додада жас жаңақалалық жастар олжамен оралды.

Атап айтсақ, 35 келіде Райымбек Дүйсеков, 38 келі салмақ дәрежесінде Жалғас Тілекқабылов, 46 келі салмақта Азамат Бейбітовтер қарсылас шыдатпай, жарыстың жеңімпазы атанды. Ал 46 келі салмақта Дулат Мирамғалиев (Жаңажол), 72 келіде Санжар Ғинаятов (Жаңажол) күміс жүлдені еншіледі. Сондай-ақ, 51 келіде жаңажолдық Рауан Қауанов, Жаңақала колледжінен Мергенғали Қуанышқалиев (57 келі) пен Райымбек Жұмағұловтар (+72 келі) қанжығасына қола жүлдені бөктерді.

Жас палуандарды  күреске баулып, баптап жүрген жаттықтырушылар -Замир Батыров пен Айбек Ишанов.

 Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале