12.01.2018, 18:31
Оқылды: 24

Жаңақалалықтар «Ақбұлақтың» игілігін көруде

bokai-orda-suЖаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша салынған таза су құбыры пайдалануға берілді.

Айта кетейік, осы округте «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жергілікті және республикалық бюджеттен 305 147 мың теңге бөлінген болатын. Аталмыш бағдарлама аясында Бірлік ауылының 241 тұрғын үйіне ауыз су құбыры жеткізілді.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Мұнан кейін шараға келген қонақтар ауыл тұрғыны Ораз Бекқалиевтің шаңырағына кіріп, таза судың дәмін татты.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале