4.04.2018, 10:58
Оқылды: 38

Жаңақалалықтар Тараздан табысты оралды

ТаразЖуырда Тараз қаласында  «Балауса жұлдыздары» орталығының  I халықаралық «Жас Толқын» байқауы өтті.

Аталмыш байқауға Жаңақаладан Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің жоғары санатты ұстазы Гүлбар Тұрланқызының оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Байқау нәтижесінде Гүлмаржан Ғиниетолла  II орынды жеңіп алса, Назерке Ғұбашева,  Әсем Серікқалиева,  Жаннұр Абай, Алмас Мақсотов,  Ботагөз Қарағойшиналар  III орынға ие болды.

Сонымен қатар домбырашылар квинтеті мен квартеті осы байқаудың лауреаттары атанды.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале