10.08.2020, 10:15
Оқылды: 128

Жаңақаланың әкімі имамға құрмет көрсетті

Жаңақала ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшин аудандық мешіттің бас имамы болған Ерік Қонақбайұлын қабылдап, құрмет көрсетті. Үстіне шапан жауып, алғысхат табыс етті. Е.Қонақбайұлы аудандық мешіттің бас имамы қызметін абыройлы атқарып, жұмыс бабымен қоныс аударуда.

A7004204-24ED-42B7-89CD-FDC8B19CB04C
«Құрметті Ерік Қонақбайұлы! Жаңақала ауданы әкімдігі Сізді ауданның бас имамы қызметін абыройлы атқарып, тұрғындарды радикализмнің зардаптары, жат ағымның алдын алу, діни сауаттылықтың маңыздылығы, мәзһаб ұстану, діни рәсімдердің атқарылу тәртібі, дін қызметкерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы жұмыстарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Елімізге төнген қиын-қыстау кезеңде қол қусырып отырмай, қайырымдылық жасап, сауапты істердің басы-қасында жүргеніңіз көпшілікке мәлім. Мешіт тарапынан ұйымдастырылған әрбір іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне тікелей сіздің үлесіңіз ұшан-теңіз екенін білеміз. Сіз әрдайым қызмет атқарған уақытыңызда аудан халқының ыстық ықыласына бөленіп келдіңіз.

Қадірлі Ерік Қонақбайұлы! Сізге атқарған қызметіңіз үшін шынайы алғысымды білдіре отырып, сарқылмас қуат, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұя бақытын және алдағы қызметте толағай табыс пен үлкен жетістіктер тілеймін» делінген аудан әкімі Н.Қадырбайұлының алғысхатында.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале