25.06.2019, 19:03
Оқылды: 72

Жаңакүш ауылының кірер жолына белгі орнатылды

Шыңғырлау ауданы Жаңакүш ауылының қазіргі және бұрынғы тұрғындары ақшалай қаржы жинап, ауылға кірер жолға белгі орнатты.

IMG_7624

Ескерткіштің ресми ашылу салтанаты болып, ауыл ақсақалдары мен қонақтар жүрекжарды тілектерін білдірді.

 Белгінің бір жағы Елек өзенінің әсем табиғатымен безендіріліп, екінші жағына ауыл жанындағы Жіңішке бөгеті суреттелген. Белгіге Жаңакүш ауылынан шыққан белгілі ақын-композитор Қайрат Темірғалидың ауылына деген лебізі жазылған.

IMG_7671

Белгіні қоюға Жаңакүш ауылының басқа қалаларда тұратын жастары да, үлкендері де үлес қосып, ақшалай жәрдем көрсетті. Жұмысты жүзеге асыруға жас суретші, мектептен тыс жұмыс орталығының қосымша білім беру педагогы Нұрлан Есенов пен әкесі Мұрат екеуі көп еңбек сіңірді.

Айбарша Аймырзақызы

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале