24.08.2017, 13:04
Оқылды: 26

Жаңакүштің қауын-қарбызы Тайпақтікінен кем түспейді

 

Шыңғырлау ауданының әкімі А.Есалиев күзгі далалық жұмыстарының барысымен танысу мақсатында Ащысай, Шыңғырлау ауылдық округтерінде болды.


Ащысайдағы «Жаңа жер» ШҚ-да (Ә.Талдыбаев) астық жинау науқаны аяқтала келген. Биылғы жылы астықтан ерекше өнім алып көзге түскен шаруашылық дала жұмыстарын қарқынды өткізуде. Алда мақсары мен күнбағыс жинау ғана қалыпты. Алдағы жылға дайындық мақсатында сүдігер жыртылып, егіс алқабы бапталуда. Жамантұзда орналасқан «Жақып» шаруа қожалығында да шаруашылығы мығым Ғ.Жәкиевтің жұмысы жақсы жүруде. Биылғы қара бидай, бидай қамбаға құйылған. Далалық жұмыстар жалғасуда. Қонақжүгері (сорго) жинап, шөп шабу науқанын қатар аяқтау жоспарлануда.

Сапарымыз Жаңакүш елді мекенінде орналасқан бау-бақшаларды көрумен жалғасты. Айдынды көлді айнала орналасқан қос бақша өсірушілер еңбегі көңіл қуантады. «Гефест» ШҚ (А.Рудь) бұл іспен көптен айналысып, тәжірибе жинақтаған. Биыл ғана мол өнімге қол жеткізген «Ақтау» ШҚ (Б.Матаев) бақшасын жақсы баптап, жақсы нәтижесін көруде. «Ақтау» ШҚ алғашқы болып өнімдерін сатуды, «Гефест» ШҚ картоп қазуды бастап жатыр екен.

Шыңғырлаулықтардың Жаңакүштің жағасында, көлдің сағасында өсірілген қауын-қарбыз, картоп пен пияздың дәмін татар күні де алыс емес. Шымкент пен Тайпақтың қауын-қарбызынан Жаңакүш өнімдері артық болмаса, кем емес.

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале