7.08.2018, 10:32
Оқылды: 88

Жанама ауылында жазғы сахна салынды


Ақжайық ауданындағы Сарытоғай ауылдық округінің орталығы – Жанама ауылында құны 1,5 млн. теңгеге түскен, металл құрылымды, поликорбанаттан салынған, ұзындығы 9, ені 5 метр жазғы сахна пайдалануға берілді.


сахна

Осы іске демеушілік жасаған әр жылдардағы мектеп түлектеріне, кәсіп иелеріне, мысалы, «Жәрдем», «Дария», «Арман», «Дәуқара», «Байғазы», «Дәулет», «Құралай», «Шабдан», «Бақдәулет» шаруа қожалықтарына, «Батысқұм» ЖШС-іне, жеке кәсіпкер Қ.Ахметовке ауыл әкімі Абзал Жәрдемұлы риясыз көңілден алғысын арнады.

Құрылысқа өз қолтаңбаларын қосқан ауыл азаматтары Мәлік Шурин, Қобыланды Бисембаев, Саламат Ғайсаұлы аудан әкімінің алғысхатымен, Оралбай Артыққалиев, Асылбек Ізбасаров, Бегман Тұрайсов ауыл әкімінің алғысхатымен қошеметтелді.

Сахнаның ашылуына орай көршілес Атырау облысындағы Индер ауданының Елтай ауылынан және Ақжайық ауданынан Базаршолан ауылының көркемөнерпаздары концерт қойды.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале