16.10.2018, 15:49
Оқылды: 20

Жанамада спорттық ойын алаңы пайдалануға берілді

         Ақжайық ауданы Жанама ауылында жаңа спорттық ойын алаңы пайдалануға берілді.

44037815_466821437138460_705213203138740224_n

         Оның құрылысын алматылық «Almaty HT Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшы-қызметкерлері жүргізген.

         Жаңа нысанның ашылу салтанатында ауыл әкімі Абзал Әлжан ауылдастарды жаңалықпен құттықтады. Жиналғандар алаңды күтіп ұстап, игілікке пайдаланудың маңызы жайында айтты. Тұрғындардың спортпен айналысуына жер-жерде мемлекетіміз жағдай жасап отырғанына сарытоғайлықтар ризашылықтарын арнады.

         Салтанат шағын футболдан көше командалары арасында жарыспен жалғасты.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале