10.01.2019, 16:28
Оқылды: 217

«Жаңарған өңір» газетінде жаңа редактор

Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Нұрғожин мен «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитов аудан активіне аудандық «Жаңарған өңір» газетінің жаңа директор-редакторы болып тағайындалған Нұрғали Ғаббасовты таныстырды.

IMG_4226

Жиында аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин осы кезге дейін аудандық газеттің директор-редакторы қызметін атқарып келген Өмірзақ Ақбасовқа аудан әкімдігі мен халқы атынан ризашылығын білдірді. Мұнан кейін «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитұлы аудандық басылымда 32 жыл еңбек етіп, соның 17 жылында редакторлық лауазымды абыроймен атқарған Өмірзақ Тұрақбайұлының зейнеткерлікке шығуына орай ізгі тілегін жеткізіп, алғыс хат табыстады. Одан әрі аудандық газеттің жаңа редакторы Н.Ғаббасовты аудан активіне таныстырып, сәттілік тіледі.

Өмірзақ Тұрақбайұлы бірлесе қызмет еткен аудан активіне алғысын білдіріп, тәрбиелеген шәкіртіне үлкен сенім артатынын тілге тиек етті.

Нұрғали Сағынғалиұлы өзіне сенім білдірген басшылыққа ризашылығын жеткізіп, артылған сенімді ақтау үшін аянбай еңбек ететінін айтты.

Актив жиынынан соң Рауан Сәбитұлы «Жаңарған өңір» газетінің редакциясында болып, материалдық-техникалық базамен танысты.

***

Нұрғали Сағынғалиұлы Ғаббасов 1984 жылдың 5 қазаны күні Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында дүниеге келген.

2006 жылы М.Өтемісұлы БҚМУ-дың «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша жоғарғы білім алып шығады.

Алғашқы еңбек жолын Жаңақала ауданы Карманов мектебінен бастаған. 2007-2010 жылдары Жаңажол ауылындағы Айдархан мектебінде жұмыс жасады. 2010 жылдан С.Меңдешев атындағы мектепте тарих, құқық және дінтану пәндерінің мұғалімі, 2015 жылдан осы уақытқа дейін аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінде тілші қызметін атқарған. Отбасылы 1қыз 2 ұлы бар.

Ақсұңқар Сәдір,

Жаңақала ауданы

 

IMG_4228 IMG_4252

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале