1.04.2020, 18:51
Оқылды: 83

Жанармай бағасының төмендеуі - шаруаларға үлкен қолдау

T8iJZF_OSeQ

Күні кеше Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мәлімдеме жасаған болатын. Президент мәлімдемесінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алу керектігі айтылды. Соның ішінде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің де жағдайы ескерусіз қалмады.

- Мемлекет басшысының егін егіп, шөп шауып, мал өсіріп отырған қожалық өкілдеріне деген қамқорлығы сүйсінтті. Мәлімдемеде Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке жанармай бағасын он бес пайызға арзандатып, 179 теңгеден 165 теңгеге дейін түсіруді тапсырды. Шөп шабумен айнылысатын жан ретінде мені осы жайт қатты қуантып отыр. Біздер үнемделген қаржыға жағдайымызды реттеп, техникалық әлеуетімізді арттырамыз. Қазіргі елдегі ахуалды ескерсек, Президентіміздің осындай қадамдарға баруы халықтың жағдайынан толық хабардар екендігін білдіреді, -дейді Теректі ауданы, Шалқар ауылдық округіндегі "Сенім" шаруа қожалығының басшысы Абай Химанов.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале