21.01.2019, 18:45
Оқылды: 26

Жаңажолда «Ақбұлақ» аясында 210 үй таза сумен қамтылған

Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Жаңажол, Қараөзен, Талдыапан ауылдық округтерінде есептік кездесу өткізді.

 janajol 4 (1)

1528 тұрғыны бар Жаңажол ауылдық округінің әкімі Қайыржан Өмірәлиев өткен жылға есеп, 2019 жылы атқарылатын жұмыстар жайын баяндады.

Ауыл әкімнің айтуынша республикалық, облыстық бюджеттен 691 млн. теңге бөлініп, Жаңажол ауылының кіре-беріс жолдарына, үш орталық көшеге асфальт төселіп, 4 көшеге тротуар және Жалпақтал ауылы жағынан кіре беріске 1 шақырымнан аса асфальт төселген. Осы жұмысты «Айдана» ЖШС сапалы жүргізген. «Ақбұлақ» бағытымен 210 үйге ауызсу құбыры тартылып, бүгінде ауыл халқы иглігін көріп отыр. Әкімнің сөзінше биыл Көмекші, Әбіш, Таңат елді мекендерінде қоқыс төгетін полигон жасау қолға алынбақ. Демеушілердің көмегімен Жаңажол мәдениет үйінің алдындағы саябаққа техникалық су тартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Мектеп түлектерінің көмегімен Жаңажол ауылының кіре беріс көшесіне жарық шамдар орнатылатын болады.

Ал ауыл тұрғыны Нағым Ризуанов Көмекші бағытындағы құлпы тастарды анықтап, «Еділбай» сорына көңіл бөліп, маңынан сауықтыру кешені ашу, «Сокрыл» көліндегі балықтарға ауа жіберу секілді мәселелерді көтерді.

Аудан басшысы Абат Шыныбеков атқарылған жұмыс туралы айтып, ауылдағы ФАП-ты жөндеуге қаржы бөлуде жоспарда бар екендігін, «Еділбай» сорын жандандыру үшін инвестор тартып, келіссөз жүргізу қажеттігін айтты.

Тұрарбек Қайырғалиұлы,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале