5.07.2018, 14:29
Оқылды: 25

Жаңажолда футбол алаңы пайдалануға берілді  

Kaztalov futbolҚазталов ауданының Жаңажол ауылында Елордамыздың 20 жылдық мерекесі қарсаңында футбол алаңы пайдалануға берілді.


 

Жылма-жыл аудандық бюджет есебінен округ орталықтарында шағын футбол алаңдарын салынуда. Шағын футбол алаңын «КазСтрой» ЖШС басшысы Қайрат Мұсағалиев «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 9 млн. теңге қаражатқа салып берді. Ауылдың қақ ортасында орналасқан шағын футбол алаңында спортпен айналысамын деушілерге шектеу жоқ. Салтанатты сәтте сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков Астананың 20 жылдық мерекесі қарсаңында ауылға жасалған сый деп бағалады. Сонымен қатар аудан басшысы Жаңажол ауылында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

-Биылғы жылы Көктерек, Болашақ, Қайыңды ауылдық округтерінің орталықтарында осындай шағын футбол алаңы бойы көтерді. Бұл - төртінші футбол алаңы. Енді алдағы уақытта Қараөзен ауылдық округінің орталығында да осындай алаң жасақталмақ. Мықты спортшылардың көбі ауылдан шығады. Осы футбол алаңынан елге, әлемге белгілі азаматтар тәрбиеленіп шықсын, - деді аудан басшысы.

Kaztalov futbol (1)Заман талабына сай шағын спорт алаңын салған мердігерге ауыл тұрғындарының алғысы шексіз. Зейнеткер Серік Әжкенов тұрғындар атынан ыстық ықыласын жеткізіп, ақ батасын берді. Елге тарту етілген спорт алаңын жақсы күйде ұстау ауылдықтардың міндеті екенін айтты.

Салтанатты шара соңында жаңа футбол алаңының лентасын аудан әкімі Абат Шыныбеков пен ардагер спортшы, еркін күрестен республиканың, облыстың бірнеше дүркін жеңімпазы Қайырлы Жиенбаев қиды, шашу шашылды.

Футбол алаңының ашылған сәтінен соң жасөспірімдер ойын бастауға дайын болды. Жаңа футбол алаңындағы алғашқы ойынға доп қосу құрметіне аудан әкімі Абат Абайұлы ие болды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале