26.12.2016, 18:15
Оқылды: 19

Жаңажылдық кеш өтті

ayaz-ata_taskala               Желтоқсанның 26-сы күні аудандық мәдени-демалыс орталығында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңажылдық кеш өтті.


Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев қатысып, барлық қатысушыларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аталмыш мекеме ұйымдастырған жаңажылдық кешке 120-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Әсем шырша маңына жиналғандар ән салып, би билеп, мәдениет үйінің қызметкерлері әзірлеген кішігірім қойылымды тамашалады. Аяз ата мен ақшақарды шақырып, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ мешін жылын шығарып салып, тауық жылын қарсы алды. Шара соңында барлықтарына сыйлықтар тарту етілді.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале