30.12.2016, 13:46
Оқылды: 90

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінде жаңа басшы

Жәнібек ауданында білім беру саласы қызметкерлерінің жиыны өтіп, онда аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин өзінің өкімімен Миранбек Ибатовтың аудандық білім беру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанын жеткізді.  

 Миранбек Нұрланұлы 1974 жылы Жәнібек ауданының Тегісшіл ауылында туған. Ұлты қазақ, жоғары білімді. 1998 жылы Орал педагогикалық колледжін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша, 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих және география пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Орал геофизикалық экспедициясында 2-разрядты топ отрядында жұмысшы болып бастаған. 1993-2006  жылдары Тегісшіл негізгі білім беретін мектебінде мұғалім, қосымша білім беру педагогы болып істеген. 2006-2008 жылдары аудан әкімі аппаратында бас маман, 2008 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында Тау ауылдық округінің әкімі болған. 2008-2009 жылдары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2009-2010 жылдары аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, 2010-2012  жылдары аудан әкімдігінде ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2012-2013 жылдары аудан әкімінің бас инспекторы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, 2013-2016 жылдары Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылдың шілде айынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып қызмет істеп келді. Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

Аудан әкімі жаңадан тағайындалған аталған бөлім басшысына зор сенім артып, қызметіне сәттілік тіледі.

                                                                           Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале