11.11.2019, 15:52
Оқылды: 53

Жәнібек аудандық саз мектебіне 50 жыл

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде саз мектебінің 50 жылдық мерейтойына орай шығармашылық концерт өтті.

janibek (2)

Кеш барысында 50 жылдық тарихы бар өнер ордасы, ардагер ұстаздары мен түлеп ұшқан шәкірттері туралы бейнетаспа көрсетілді. Мерейтойда аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ұжымның кейінгі ұрпақты ұлттық рухқа тәрбиелеудегі зор еңбегін айта келе саз мектебінің директоры Жақсылық Бисенғалиев, ұстаздар Аслан Боранбаев, Анаргүл Кенжеғалиеваға БҚО білім басқармасының құрмет грамотасын табыс етті.

janibek (1)

Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Бағида Сарбалина саз мектебіне ризашылығын білдіріп, мектеп қызметкерлері мен сала ардагерлерін алғыс хатпен марапаттап, ұжымға сый тарту етті. Кеште сондай-ақ саз мектебінде тәлім алып, бүгінде өнер жолында жүрген түлектердің құттықтауы көрсетілді.

janibek (3)

Концерттің арнайы қонағы, "Бақытты елдің ұрпағы" қоғамдық қорының бас директоры Құрмет Жарасқалиқызы ұжымды құттықтап, домбырамен ән айтып берді.

Кеште домбыра, қобыз, фортепиано сыныбының оқушылары, балалар хоры, ұлт-аспаптар оркестрі, бишілер мен әншілер өнерлерін ортаға салды.

Ә.Қуанғалиева

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале