6.09.2018, 17:30
Оқылды: 171

Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетіне жаңа редактор тағайындалды

Бүгін Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен келген «Жайық Пресс» медиахолдингі Бас директорының кеңесшісі Нұрсұлтан Мықтыбай аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанованың қатысуымен «Жайық Пресс» ЖШС Жәнібек филиалы – «Шұғыла» газетінің жаңа директор-редакторын таныстырды.

1

Жиынды ашқан Нұрсұлтан Ертуғанұлы осы уақытқа дейін аталған қызметті атқарып келген Ахмедияр Батырхановқа жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, медиахолдинг Бас директоры Рауан Сәбитовтің Алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыс етті.

Бұдан кейін Бас директордың бұйрығымен «Жайық Пресс» ЖШС Жәнібек филиалына жаңадан тағайындалған директор-редакторы Нұрымбек Мүсәлімұлын редакция ұжымына таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Нұрымбек Жапақов 1958 жылғы 28 қазанда Орал облысы, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл селолық кеңесінде дүниеге келген. 1976 жылы Жәнібек ауданы орталығындағы Т.Жароков атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын Жәнібек ауданы Қайрат орта мектебі жанындағы интернаттың тәрбиешісі болып бастаған. 1977 жылы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы тәмамдаған. 1981-1983 жылдары Тегісшіл сегізжылдық, 1983-1985 жылдары Қайрат орта мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, мектеп жанындағы интернат меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1985-1986 жылдары Борсы ауылындағы Ф.Энгельс атындағы сегізжылдық мектебінің директоры болған. 1986-1990 жылдар аралығында Жәнібек аудандық партия комитетінде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы қызметінде істеген. 1990-1992 жылдары аудандық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары, аудандық мәдениет бөлімінің инспекторы болған. 1992-1998 жылдар аралығында Жәнібек аудандық «Октябрь туы» газетінің тілшісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1998-2002 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас маманы, 2002-2006 жылдары аудандық мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы. 2006 жылдан бастап осы күнге дейін Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі болып қызмет істеп келді.

Бірнеше рет облыс, аудан әкімдерінің, «Нұр Отан» партиясы облыстық, аудандық филиалдарының, «Жайық Пресс» ЖШС Бас директорының, аудандық «Шұғыла» газеті бас редакторының алғыс хаттарымен, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған.

Біз де батыс өңірінің басты ақпарат көзі – «Жайық Пресс» медиахолдингінің ұжымының атынан Нұрымбек Мүсәлімұлының жаңа қызметіне табыс тілейміз!

Zhaikpress.kz

2 3 4 5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале