22.04.2019, 15:34
Оқылды: 30

Жәнібек аудандық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

Бүгін Жәнібек аудандық сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы шеңберінде «Отбасы бөлмесі» ашылды.

bolme (3)

         Аудандық сот төрайымы Әсел Жамантаева жиналған қауымға жобаның негізгі мақсаты - отбасын сақтау, қоғамдағы дауласу деңгейін төмендету, отбасылық дауларды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы көмектесуге арналған жоба. Сонымен қатар жобаның өңірдегі ажырасулардың санын барынша азайтатынын да айта кетті.

         Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина, «Алтын ұя» бөбекжайының директоры, «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Елемесова, жеке кәсіпкер, медиатор Бәтима Масанова және медиатор Ерсайын Құбашев күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты ойларын ортаға салды.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале