31.01.2019, 21:19
Оқылды: 32

Жәнібек ауданы 100% газбен қамтылған

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жәнібек ауданы Ақоба ауылында ауыз су құрылысы және Талов ауылында ауыз су құбырын қайта құру жұмысы жүргізілді.

janibek (8)

 Талов ауылындағы ауыз су құбырын қайта жасауға республикалық және облыстық бюджеттен 197 млн. теңге қаражат жұмсалды. Нәтижесінде 9 ауылдық округке орталықтандырылған ауыз су жетті.

- Облыстық бюджеттен бөлінген 27 млн. теңгеге Өнеге елді мекеніндегі әлеуметтік нысандарға газ өткізілді. Сонымен қатар Майтүбек және Жұмаев ауылдарындағы газ құбырының құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 39 млн. 557 мың 108 тенге қаражат бөлінді. Нәтижесінде аудан елді мекендері 100% газбен қамтылды, - деді аудан әкімі.

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале