28.02.2017, 13:05
Оқылды: 16

Жәнібек ауданы ет экспорттауда

 


Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақов осылай дейді.


Оның айтуынша, былтыр «Ұлан» ШҚ «Қазагроқаржы» қаржылай қолдау қоры арқылы 35 миллион теңгеге 100 бас қазақтың ақ бас қашарын саудалап, биыл сол аналықтан асыл тұқымды төл алған. Қазір аталған шаруа қожалығы жасақтаушы шаруашылық болу үшін құжаттарын қамдауда.

Сондай-ақ сиыр етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында «Әлем» ШҚ бұдан 5 жыл бұрын өз қаржысына 1000 басқа лайықтап салған мал бордақылау алаңының жұмысын жалғастырып, ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамытуға сай аудан бойынша Ресейге жыл сайын ет шығарып сатуда. Былтыр 1976 бас ірі қара немесе 197,6 тонна ет көршілес елге экспортталған.

                                                                               Н.Өтей

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале