22.02.2018, 11:35
Оқылды: 21

Жәнібек ауданына өткен жылы 22 жас мұғалім келді

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы Миранбек Ибатовтың айтуынша, мектептердің биылғы жөндеу жұмыстарына 5 миллион 943 мың теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған.

 Мәселен, аудан орталығындағы Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектептің айналасы 5 млн. теңге қаржыға қоршалса, А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектептің шатырын, терезесін ауыстырып, жылыту жүйесін жаңадан орнату, жаңадан есіктер қондыру, тағы да басқа жөндеу жұмыстарына 12 млн. теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілген.

Өткен жылы аудандағы білім ордаларына 22 жас мұғалім қызметке орналасқан. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда 2496 оқушыдан 1460 оқушы толық ыстық тамақпен қамтылған. Аталған бағдарлама шеңберінде 40 спорттық үйірмеге 581 оқушы тартылып отыр. Мектептерде спорттық үйірмелерден басқа техникалық, шығармашылық, тілдік, сәндік-қолданбалы, көркемөнер үйірмелерімен 1012 оқушы қамтылса, қосымша білім беру ұйымдарындағы 38 үйірмеде 547 бала қосымша білім алуда. Соңғы 2 жылда аудан орталығында аймақаралық «Ғұмар Қараш оқулары» өтуде.

                                                                                 Н.Өтей

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале