7.11.2017, 10:30
Оқылды: 24

Жәнібек ауданында 11 кооператив құрылды

Жәнібек ауданында «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы агроөнеркәсіп кешен өнімдері өндірісінің көлемдерін арттыру және азық-түлік қауіпсіздік мәселелерін шешу» бағдарламасын жүзеге асыру, ҚР АШМ тарапынан берілген жоспарлы индикаторларды орындау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен алынған мәліметке сәйкес, аудан бойынша Жәнібек, Тау, Ақоба, Ұзынкөл, Борсы ауылдық округтерінде бір-бірден, Күйгенкөл, Талов, Жақсыбай ауылдарында екі-екіден, барлығы 11 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды. Олардың екеуі мал бордақылау бағытында құрылса, қалғаны тұқымдық түрлендіру мақсатын көздеген.

                   Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале