15.09.2017, 16:06
Оқылды: 19

Жәнібек ауданында 150 адам тұрақты жұмысқа жолданды

 

Жәнібек ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты  жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың айтуынша, аталған бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деп аталатын үшінші бағытына сәйкес ауданда 25 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау үшін 4,223 миллион теңге мөлшерінде қаржы көзделінген.

Осы мақсатта 10 жұмыс берушімен шарт жасалып, 30 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 2 миллион 53 мың теңге игерілген. Сол сияқты 34 жас маманды жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа жолдау үшін 11,572 миллион теңге мөлшерінде қаржы жоспарланған.  Бүгінде бұл мақсатта 19 жұмыс берушімен шарт жасалып, 32 адам жолданып, 6 миллион 312 мың теңге игерілген.

-Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 565 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау мақсатында 30 миллион теңге мөлшерінде қаржы қарастырылды. Жыл басынан 371 адам жолданып, 19 миллион 800 мың теңге игерілді. Жыл басынан 150 адам тұрақты жұмысқа жолданса, соның 67-і жастар, 83-і әйелдер болып саналады,-дейді Нұрпейіс Ғаділұлы.

                                                                                      Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале