8.08.2017, 10:44
Оқылды: 22

Жәнібек ауданында 16 жас маман жұмысқа жолданды

Жәнібек аудандық білім беру бөлімі жас мамандарды бос жұмыс орындарына жолдады.


Шараны аудандық білім беру бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов кіріспе сөзбен ашты.

Жәрмеңкеге жоғары және арнаулы орта білімді 26 жас маман қатысса, оның 16-сы жұмысқа жолданды. Кейбір жас мамандар аудандық білім беру бөлімінің резервіне қойылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша математика және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері тапшы болғандықтан, алғашқы мамандық иелері түгелдей жұмысқа жолданды, ал орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің орындары бос күйінде қалды. Аудан мектептеріне, сондай-ақ физика, география, өзін-өзі тану, музыка пәндерінің мұғалімдері мен кітапханашылар қажет.

Б.ЖҰМАҒАЗЫ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале