8-707-808-48-55
7.12.2019, 18:45
Оқылды: 441
Жәнібек ауданында 3600 бума шөп өртенді

Жаз бойы далада бел жазбай, мал азығын қамдаған бір отбасы әп-сәтте тақырға отырды. Қысқа қамдаған 63 тонна шөп көзді ашып-жұмғанша күлге айналды.

20191207_183356

Жәнібек аудандық өрт сөндіру бөлімінің айтуынша, Талов ауылынан 101-ге қоңырау кешкі сағат 22.37-де түсті.
- Ауылға түнгі сағат 01.50-де жеттік. Ол кезде өрт шарықтау шегінде еді. Таңғы сағат 07.40 шамасында қызыл жалын толығымен сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіруге жалпы 30 адам, ЗИЛ Т-40 және МТЗ-82 тракторы жұмылдырылды, -деді аудандық өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі Мирхат Сариев.

IMG-20191207-WA0063-800x600
Талов ауылдық округінің учаскелік инспекторы Дәурен Әбдірахмановтың сөзіне сүйенсек, от белгісіз жағдайда пайда болды. Өрттің шығу себептері әртүрлі болуы мүмкін. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

IMG-20191207-WA0060-800x600Өртеніп кеткен шөптің иесі Аслан Хайрушевпен хабарласып, мән-жайды білген едік.
-Жақында қалаға кетіп қалған едім. Шөптің өртеніп кеткені туралы көршілерден естідім. Олардың айтуынша, үйілген шөптің маңында ұзын бойлы қара күртеше киген біреуді байқағаннан кейін көп ұзамай өрт те пайда болды дейді. Осы уақытқа дейін ешкімге жамандық жасап немесе қарыз ақша алған емес едім. Шығын өте үлкен, жаз бойына жинаған шамамен 3500-3600 төк шөбім бір мезетте жоқ болды. Енді не істерімді білмеймін. Қиын жағдай, - деді Аслан Хайрушев.

20191207_183421
Қызыл жалын қорадан түк қалдырмады. Орнын толтыру үшін ораққа ілінер шөп те жоқ қазір. Көп жағдайда өрт адамдардың абайсыздығынан немесе көре алмайтын адамдардың қасақана от қоюынан шығады. Тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өртен кінәлілер міндетті түрде жазасын алар деген үміттеміз.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар