6.06.2018, 11:22
Оқылды: 26

Жәнібек ауданында «Ашық әкімдік» шарасы өтті

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев Жақсыбай, Талов, Борсы ауылдарында «Ашық әкімдік» өткізіп, тұрғындарды қабылдады.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және аудандық бөлім басшылары қатысты. «Ашық әкімдікке» келген аталған ауылдар тұрғындары негізінен жеке және ауыл өміріне байланысты мәселелерді қозғады. Мәселен, Жақсыбай ауылының тұрғындары София Ақышева жұмыс сұраса, «Пайда+12» несие серіктестігінің төрағасы Әлібек Пайдин 12 адамнан тұратын несие серіктестігінің құрамындағы 5 адамның несиелерін толықтай төлегендіктен, оларды аталған құрылымнан шығару мәселесін қарастыруды өтінді. Сол сияқты Талов ауылының тұрғыны Майдан Коняев бұл күндері ауылда жүргізіліп жатқан таза су құбырын өткізу жұмыстарының қарқынын үдету, қадағалауды реттеуді айтса, Борсы ауылының тұрғындары Айгүл Есенбаева, Оралбек Құлтанов, Мейірбек Наурызалиев Жәнібек пен Борсыға және ауылдан Оралмен екі ортаға қатынайтын маршрутты автобус шығару, күре жолды жөндеу, шабындық жер беру туралы ұсыныстарын білдірсе, Әмірхан Досболатов,  Ақбота Есқалиева, Балжан Удашева, Маржан Майдошева, Самал Сатанова сынды тұрғындары тұрақты жұмысқа орналасу тұрғысындағы тілектерін жеткізді. Аудан әкімі «Ашық әкімдікке» келген үш ауылдың тұрғындарының өтініштеріне жіті назар аударып, ретіне қарай айқын жауаптар мен түсініктер берді.

                                                                                              Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале