4.08.2020, 21:21
Оқылды: 78

Жәнібек ауданында бірнеше білім нысаны жөнделуде

Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен келген Жәнібек ауданындағы құрылыс нысандарымен танысты. Соның бірі – «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы ауқымында облыстық бюджет есебінен 126,2 миллион теңгеге А.Оразбаева атындағы негізгі білім беретін мектептің ауласында жаңа спорт зал бой көтеруде.

23DEF485-F0DC-4602-B23F-1299CAC5B5F8

«Символ» ЖШС екі қабат ғимарат құрылысын мамыр айында бастаған. Аталған бағдарлама аясында аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 18 адам құрылысқа тартылған. Құрылыс жұмысы 30 қарашада аяқталады. Мектептің спорт залы жалпы 90 адамға арналған. Ғимараттың жалпы ауданы – 588,8 шаршы метр. Оның ішінде душ кабинеті, ұл мен қыздар киім-кешегін ілетін бөлек кабинеттер, әжетхана болады. Бір қуаныштысы, шілде айында мектептің асханасы да күрделі жөнделуде. Оған жергілікті бюджеттен қаржы жұмсалуда. Мектеп директоры Тахир Мусиннің айтуынша, жаңа асханада бір мезгілде 50 оқушы тамақ іше алады. А.Оразбаева атынағы мектепте 135 оқушы білім алады. Оның ішінде 57-сі – аз қамтылған отбасының балалары.

527C5083-D674-454F-BB2D-5B51D1198ECE

Облыс әкімінің жұмыс сапары Тау ауылдық округінде жалғасты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы ауқымында ауылдағы Ғ.Абдуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің ғимараты күрделі жөнделуде. Төрт ай мерзімге есептелген құрылыс үшін 147,4 миллион теңге бөлінген. Техникалық қадағалушы Қайдар Өтеғалиевтің сөзінше, қазіргі уақытта мектептің электр және жылыту желілері жаңаланған. Бөлмелердің есік-терезесі мен едені ауыстырылған. Мектеп төбесі профлиспен жабылған. Енді аула ішіне жеткізілген өрнектастарды төсеу жұмысы жүргізіледі. Жұмыспен қамту орталығы арқылы құрылыс жұмысына 21 тұрғын тартылған.

7B957295-A806-4242-9D4B-75EBC6C0D6E1

«Биыл мектепке 166 оқушы келмек. Мектеп ғимараты 2007 жылы күрделі жөнделген. Бірақ төбесінен су ағып, екінші қабаттағы бөлмелерге нұқсан келді. Соған байланысты әкімдіктен көмек сұрадық. Асхана жабдықтары жаңаланып, қабырғасы мен еденіне кафель төселуде», – деді мектеп директорының міндетін атқарушы Жазира Макшаева.

88F34D1E-BD73-4D03-8193-44D3CA0DE980

Жақсыбай ауылындағы М.Ықсанов атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимараты күрделі жөнделуде. Құрылыс жұмысы мамыр айында басталған. Бес айға есептелген күрделі жөндеуге 270,7 миллион теңге жұмсалмақ. «Мектептегі оқушылар саны 181-ден 193-ге дейін артты. Сондықтан қазіргі кезде шағын жинақты мектеп тізімінен шығардық. Күрделі жөндеу жұмысы біркелкі жүргізілуде. Қыркүйек айына дейін ішкі жөндеу жұмысы аяқталады деп күтудеміз. Облыс әкімінің алғашқы жұмыс сапары кезінде мектептің спорт залына төбеден су ағып тұрғанын көрсеттік. Бірнеше жылдан бері күрделі жөндеуге қаражат бөлінбей келді. Өңір жетекшісі мектепті жаңғыртуға қолдау көрсететінін айтқан еді. Міне, қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанына тұрғындар куә болып отыр», – деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина.

Ауданда Талов ауылдық мәдениет үйінің ғимараты 44,8 миллион теңгеге күрделі жөнделуде. Құрылыс жұмысы бір жылға есептелінген. Мәдениет үйінде 110 көрермен орындығы бар. Жөндеу жұмысы аяқталған соң, қосымша жұмыс орындары ашылмақ. Айта кетейік, аудандағы құрылыс жобаларының жүзеге асуымен танысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев мердігерлерге білім және мәдениет нысандарын сапалы салуды тапсырды.

 Нұртай Текебай,

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале