21.06.2018, 11:21
Оқылды: 20

Жәнібек ауданында ең жоғары балл – 128

Кеше Жәнібек ауданында мектеп түлектері үшін өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары белгілі болды.

№811 ҰБТ өткізу пунктінің берген мәліметінше, Ғ.Қараш атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы, «Алтын белгі» иегері Гүлнаргизада Нұрмұханова 128 және Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы, «Алтын белгі иегері» Алина Қыдырғалиева 127 балл жинаған. Сондай-ақ бірнеше 126,125 балл жинаған оқушылар бар.

Жалпы аудан бойынша орташа балл – 76,7.

 Ә.ҚУАНҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале