15.01.2020, 17:25
Оқылды: 45

Жәнібек ауданында округ әкімдерінің есебі өтуде

Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Молдағалиев және дербес бөлім басшылары Көлтабан, Құрсай, Өнеге, Еңбекші елді мекендерінде болып, Күйгенкөл және Ұзынкөл ауылдық округтерінің әкімдері Әлия Оспанова мен Бекежан Шарафутдиновтің жыл ішінде атқарған жұмысын тыңдады.

janibek 2 (3)

Көлтабан елді мекенінің тұрғыны Қобылан Аждуов мал суаратын бөгет жырылып, су ағып кете беретіндіктен қолайсыздықтар тудыратынын мәлім етсе, Құрсай елді мекенінің тұрғындары Талғат Есқалиев пен Эдуард Бекболатов аукционға қойылатын жер телімдерінің құжаттамаларына қатысты өзгерістерді сұрады. Серікқали Жұбанышев ауыз су құдығының қажеттігін жеткізді. Өнеге елді мекенінің тұрғыны Дамир Нығметов күл-қоқысты төгетін полигон күре жолдың маңында орналасып, ыңғайсыздық тудырып отырғанын айтса, Асқар Сыдықов осы күл-қоқысты ауылдан шығаратын техниканың тапшылығын айтты. Сағира Сыдықова алғашқы көмек көрсететін медициналық қызметкердің жоқтығын, Төлепберген Меңдешев елді мекен жол бойында орналасқандықтан көшелерге жарықтың қажеттігін тілге тиек етті.

janibek 2 (2)

Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдағаннан кейін аудан әкімі қойылған сауалдарға жауап берді. Ол бүгінгі таңдаәзірге шешімін таба алмай отырған су мәселесі екенін, сонымен қатар күре жолдың жөндеу жұмыстарының созылып кету себептерін баяндады. Ауыл тұрғындары ауыл әкімдерінің жыл бойы атқарған жұмысына қанағаттанды.

janibek 2 (1)

Кездесу аяқталғаннан кейін Азамат Сафималиұлы тұрғындарды жеке қабылдады.

Гүлзара Тілекқабылқызы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале