4.10.2018, 18:14
Оқылды: 79

Жәнібек ауданында ұстаздар марапатталды

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты жиында аудан әкімі Азамат Сафималиев ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады.

IMG_0069

         Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін М.Ықсанов атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Шамиль Досжановқа төсбелгі тағылса, бір топ ұстаздар қауымына облыстық білім басқармасы, аудандық білім беру басқармасы, кәсіподақ ұйымы, ұстаздар арасында өткен аудандық «Еуропа-Азия – 2018» туристік фестивалінің алғысхаттары табысталды. BilimMediaGroup Microsoft және Lenovo компанияларымен бірлесіп дайындаған 46 дана BilimBook дербес оқыту планшеті аудан мектептеріне берілді.

         «Үздік ұстаз – 2018» аталымына бірнеше үміткерлер ұсынылған болатын. Мерекелік шарада жеңімпаз ұстаздар анықталып, салтанатты түрде марапатталды. Олар «Үздік директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 2018» – Меңсұлу Есенғалиева (Т.Жароков атындағы мектеп), «Үздік директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 2018» – Лира Әбілова (Ғ.Қараш атындағы мектеп), «Үздік сынып жетекшісі – 2018» – Айгүл Абдолова (Ғ.Абдуллин атындағы мектеп), «Үздік пән мұғалімі – 2018» – Лаура Исатаева (Ұзынкөл мектебі), «Үздік мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі – 2018»  – Залия Биташева (№1 мектеп-лицей).

         Концертте аудандық саз мектебінің оқушылары әннен шашу шашып, күй күмбірлетіп, көрермен көңілін бір серпілтті.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

IMG_0086 IMG_0102 IMG_0107

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале