3.07.2017, 16:34
Оқылды: 50

Жәнібек ауданының әкімі тағайындалды

IMG_2112Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Жәнібек ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін облысымыздың Тасқала ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Азамат Сафималиев Жәнібек  ауданының әкімі болып тағайындалды.


Азамат Сафималиұлы 1979 жылдың 23 желтоқсанында Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары.

 

IMG_2144 (2)

2000 жылы Атырау мұнай-газ институтын, 2008 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған. Ғылым магистрі.

2003-2008 жылдары – мемлекеттік қызметте бас маман, бөлім басшысы болып істеді.

2008-2009 жылдары – ҚР Парламент Сенатыны депутатының көмекшісі,

2009-2010 жылдары – Орал қаласы әкімінің кеңесшісі,

2010-2012 жылдары – Орал қаласы әкімінің орынбасары,

2012 жылы – Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары,

2012-2016 жылдары – Бөрлі ауданы әкімінің орныбасары,

2016 жылдан бері Тасқала ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан әкіміне Мемлекет басшысының алға  қойған тапсырмалар мен міндеттерді орындауда, аудан тұрғындарының әл ауқатын арттыру жолында табысты жұмыс тіледі.

А.ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале