12.02.2019, 18:05
Оқылды: 30

Жәнібек ауылынан 1500 текше метр қар шығарылды

Көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында Жәнібек ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын білмек болып, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловқа жолыққан едік.

 janibek (4)

-Аудан бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссияның отырысында қаралып, бірінші кезекте атқарылуы тиіс шаралар қабылданды. Осыған орай қазіргі уақытта аудандық маңызды жолдардың алпыс тоғыз, сондай-ақ республикалық маңызға ие жолдардың да су өткізгіш құбырлары тазалануда. Сонымен қатар Жәнібек ауылында қар шығару жұмысы ұйымдастырылып, оған жеке кәсіпкерлер М.Ибраев пен Е.Елемесовтің және аудандық коммуналдық меншіктегі техникалар жұмылдырылуда. Күні бүгінге 1500 текше метр қар ауылдан тыс жерге шығарылды. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.

Ауданда 24 су айдайтын насос бар. Олардың техникалық жағдайы тексеріліп, ақаулары жөнделіп, су тасқыны кезінде пайдаланылатын болады. Ауданға қалың түскен қар тез еріп, еру үдерісі жауын-шашынға ұласатын болса, онда барлық елді мекендердегі қар суының тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға кіру қаупі арта түседі. Сондықтан аудан тұрғындарынан аулаларындағы қарды шығарып, судың жолын бөгемей, ашып қоюларын сұраймыз. Өйткені қар еріген кезде су өз жолымен ағуы қажет. Ауданда қажетті жанар-жағармай қоры қалыптастырылды. Қазіргі таңда төрт мың қапшық сатып алынды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне тағы да қосымша сұраныс берілмек. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Дорремсервис» ЖШС-ның бір К-700 тракторы, «Жиенбай», «Жолаушы жол» және «Шамшын» ЖШС-ның қар тиегіш техникалары келіп, ауданда он күндей жұмыс жасады. Борсы, Талов және Жақсыбай бағытындағы жолдарды қардан тазалауға көмектесті. Сондай-ақ бұл техникалар тасқын судың алдын алу мақсатында Талов, Борсы ауылдарындағы өткелдерді, судың жолын қардан аршу жұмысына пайдаланылуда. Бюджеттен тағы да төрт су айдайтын насос сатып алуға қаржы қарастырылып, қазіргі уақытта сатып алу үдерісі жүруде,- деді Ж.Абдолов.

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале