8.01.2021, 21:13
Оқылды: 46

Жәнібек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

2021 жылғы 10 қаңтарда өткізілетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауына орай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Елемесов аудандық мәдениет үйінде Жәнібек ауылының тұрғындарымен және М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенттерімен сайлауалды кездесу өткізді.

жан 1

Кездесуде Е.Елемесов "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген негізгі міндеттерімен таныстырып, партияның осы міндеттерді іске асыру бағытында атқарып жатырған жұмыстар туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Біржан Қуаналиев, Берік Ихсанов, Айдарбек Джуманиязов қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша "Nur Otan" партиясының қабылдаған шаралар туралы атап өтсе, партиялық тізім бойынша өкілді органдарға ұсынылған кандидаттарды қолдау жөніндегі аудандық штабтың мүшесі Бекет Әліпқалиев жиналғандарды сайлауға қатысуға шақырып, өз дауыстарын "Nur Otan" партиясына беруге үндеу жасады.

жан2

Кездесуде сөз сөйлеген Жәнібек колледжінің студенті Насихат Қабдолов "Nur Otan" партиясын қолдайтындығын жеткізіп, жас мамандарды қолдау бойынша елімізде іске асырылып жатырған жұмыстарға өз ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, ол студенттердің білімін арттыру бойынша қабылдау қажет шаралар туралы ұсыныс білдіріп, кандидаттарға сәттіліктер мен табыстар тіледі.

Н.Қабдоловтың ұсынысына байланысты Есқайыр Елемесов тиісті жауап берді.

Кездесу соңында жиынға қатысушыларға "Nur Otan" партиясының үгіт-насихаттық материалдары табысталды.

 

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының

сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале