20.06.2018, 10:06
Оқылды: 31

Жәнібек пен Бөкей Орда түлектері тест тапсыруда

DSC_0031Бүгін Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарындағы жалпы білім беретін орта мектептерді бітірушілер үшін біріктірілген ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. Оған Жәнібек ауданы бойынша 155 түлек, Бөкей Ордасы ауданы бойынша 107 түлек қатысуда.

Биыл он бесінші мәрте өткізіліп отырған ұлттық бірыңғай тестілеудің ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов түлектерге лебізін жеткізіп, сәттілік тіледі. Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы комиссиясының төрағасы Сәлімбек Синеев сөз алды.

- Сіздерді алда даңғыл жол күтіп тұр. Қазақстанның дамуы үшін білімді жастар керек. Сондықтан он бір жыл бойы алған біліміңізді пайдаланып, сыннан сүрінбей өтіңіздер, -деді комиссия төрағасы. Мұнан соң түлектер лек-лекпен  аудиторияларға кіріп, тестілеуді бастап кетті.

Ә.ҚУАНҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале