26.05.2017, 12:12
Оқылды: 33

Жәнібек саябағы халыққа 77 жыл бойы қызмет етіп келеді

Аудандық мәдениет және демалыс саябағының жазғы маусымдық ашылу салтанаты болды. Жұмысын 1940 жылдардан бастаған саябақтың 76-шы маусымы былтыр ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келсе, 77-ші маусымдық ашылуы биылғы жылы өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесімен орайлас келіп тұр.

Саябақтың ашылу салтанатында көркемөнерпаздар ауыл жұртшылығына арнап концерт қойды. Концерттік бағдарлама барысында Райымбек Каримов «Сәлем, елім», «Жәнібек сазы» халықтық-фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен Дана Қаратаева «Сары жез құмған-ай», облыстық «Балдәурен» байқауының жеңімпазы, Маңғыстауда өткен «Біз – күн перзентіміз» аймақтық байқауының жүлдегері Айшат Хамзина «Қазағым», Ақтоты Ешматова «Бұлбұл», Асылан Боранбаев «Қуанышым менің», Мейрамгүл Дәулетқалиева «Жанарым», Ақнұр Азаматова «Балдәурен», Шынар Каюпова «Ягода малина» әндерін шырқаса, «Ақмаржан» халықтық би ансамблінің биші қыздары да өздерінің әсем билерімен көпшіліктің көңілінен шыға білді. Концерттік бағдарлама «Жәнібегім» әнімен өз мәресіне жетіп, жиналған жұртшылық жақсы әсермен тарқасты.

Арайлым РАШИТҚЫЗЫ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале