21.07.2018, 11:15
Оқылды: 18

Жәнібекке Астанадан жол мамандары келді  

 

IMG_0099Орал мен Жәнібектің  ортасындағы қатқыл табанды жол төсеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау мақсатында ауданымызға Астанадан, Оралдан жобалаушы мамандар келді.


 

IMG_0074Олар Жәнібектегі шекаралық өткізу пункітінде және аудан орталығындағы жүк түсіруге арналған темір жол тұйығына барып, көлік ағынын реттеуіш құрылғылар орнату, демонтаж жұмыстары мен қатқыл табанды жолға тасымалданатын материалдарды жеткізудің жай-жапсарына егжей-тегжейлі қанықты.

DSC_0031Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалық етуімен өткен мәжілісте жобалаушы мамандар аудандағы жол құрылысына қатысты мүдделі мекемелер басшыларымен кездесіп, мән-жаймен жіті танысып, негізгі мәселелерді талқылады.

Жобалаушылардың айтуынша, жол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы шамамен 5 айдың ішінде жасақталып, наурызда сараптамадан өткізіліп, сәуір, мамыр айларында тендер оздырылу күтіледі.

                                                                             Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале