27.04.2018, 10:50
Оқылды: 33

Жәнібекке генералдар келді

 

 IMG_2398«Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы, әділет генерал-майоры  Рүстем  Қайдаров, аталмыш бірлестіктің жауапты хатшысы, жерлесіміз Талғат  Қаналиев,  генерал-майор Алмасбек     Әбдірахманов, генерал-майор   Амангелді  Құрманғалиев, генерал-майор  Махмут Телеғұсов, полковник Өрнебек  Смаилов, полковник Қаршыға  Кішкентаев, Орал қаласындағы  М.Мәметова   атындағы  мемориалдық музейдің директоры Светлана Бектенова, БҚОҚХА-ның бас инспекторы Жанар Жұмағазиева Жәнібек жеріне  табан тіреді.  

РФ Волгоград қаласында бой көтеріп жатқан ескерткіштің ашылу салтанатына арнайы келген делегация ауданымызға ат басын бұрды. Аудан әкімі Азамат Сафималиев бастаған аудан азаматтары қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, ақтан дәм татқызды. Делегация Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың  ескерткішіне барып, батырдың рухына тағзым етті. «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы, әділет генерал-майоры  Рүстем  Қайдаров пен аудан әкімі Азамат Сафималиев ескерткішке гүл шоқтарын қойды.  Рүстем Есімханұлы  Жәнібек өңірінің  сұрапыл майданда орны бөлек болғанын, бүгінде ауылдық жерде Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға арналған мемориалдың болғанына қуанышты екенін жеткізді. Өз кезегінде аудан әкімі Азамат Сафималиев те қонақтарға қош келдің айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Амангелді Уәлиев те соғыс жылдарындағы  аудан тарихына тоқталды.

Ашық аспан астында «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы, әділет генерал-майоры  Рүстем  Қайдаров  қазақстандықтардың соғыс жылдары көрсеткен ерліктерін насихаттап, батырлардың есімдерін мәңгі есте сақтау үшін еңбектеніп, жас жеткіншектерге отансүйгіштік, елжандылық, патриоттық тәрбие бергені үшін аудан әкімі Азамат Сафималиевке, «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы, өлкетанушы Ахмедияр Батырхановқа, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиевке, аудандық қорғаныс  істері жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Данияр Қайсағалиевке,  аудандық жергілікті полиция қызметінің инспекторы Тимур Мамытовқа құрмет грамотасын табыстап, төсбелгі тақты.

Ә.Қуанғалиева

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале