23.01.2019, 17:30
Оқылды: 68

Жәнібекке қар тазалауға көмекке 4 техника барады

Таяу күндері облыс әкімдігінің қолдауымен 4 бірлік техника, яғни 2 К-700, 2 тиегіш техника Жәнібек ауданына көмекке бармақ. Метеорологиялық станса мәліметінше, Жәнібек ауданында қардың қалыңдығы 35-40, кей жерлерінде 55-60 сантиметрге дейін жеткен.

janibek (4)

Әсіресе Талов, Жақсыбай және Борсы ауылдық округтерінің аумағында қалыңдығы 60 сантиметрге дейін қар түскен.

Жәнібек ауданындағы тілшілерімізден келген мәліметке сүйенсек, ауданаралық жолдарға қардан тазалау жұмыстарын аудандағы «Қанат» ЖШС-ның техникалары жүргізуде.

Жәнібек ауданынан 95 шақырым республикалық маңызы бар жол өтеді. Ол Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы. Бұл жолдың бөлігіне «Қазавтодор» РМК-ның «ДЭП-41» жол пайдалану кәсіпорны қызмет көрсетеді. Қар жауып, боран болған кезде аталған кәсіпорынның бір К-700 ауыр техникасы, 4 автогрейдер, «Урал» және «КамАЗ» базаларындағы қар тазалағыш техникалары шығады.

Аудандық маңызы бар жолдарды қардан аршу кезінде ауыртпалықтар да кездесуде. Қардың әдеттегіден қалың түсуі техникалардың істен шығуына әкеліп соғуда. Осындай қиын шақта шаруа қожалықтарының жетекшілері де қолда бар техникаларын шығарып, көмек көрсетуде.

janibek (3)

janibek (2) © zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале