8.11.2017, 12:00
Оқылды: 16

Жәнібекте 11 адам бағдарлама арқылы жұмысқа орналасты

ae0845a4ad3216a192433d0c14266545_XLЖәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтің мәліметінше, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 3 жобаға топтастырылған.

Алғашқысы – «Компьютерлік сауаттылық» жобасы. Төрт адам АТиСО колледжіне оператор оқуына жолданса, екінші топтастырылған «Мамандық» жобасы бойынша Жәнібек колледжіне  43 адам трактор, 11 адам В, С категориясына сай автокөлік жүргізуші, 15 адам аспазшы, 9 адам газоэлектр дәнекерлеуші мамандықтарына оқиды.

Бұл жоба бойынша 7 адам кәсіптік дамыту орталығына оқытуға, 3 адам «Самат» автомектебіне, Орал «Сервис» технологиялық колледжіне шаштараздыққа 9 адам, маникюрге 1адам, визажистке 2 адам жіберілсе, «Энергетик» оқу орталығына 1 адам токарлыққа, 2 адам слесарлыққа жолданған.

-Бағдарлама арқылы оқуға жолданғандардың 108-і оқуын аяқтаса, 29-ы дәріс алуды жалғастыруда. Ал 11-і жұмысқа орналасты,-дейді аталған орталықтың директоры өз сөзінде.

        

                                                                                 Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале