24.08.2017, 10:51
Оқылды: 25

Жәнібекте 127 тұрғынды оқыту көзделуде

Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың бізге берген мәліметіне сәйкес, аудан бойынша халық саны – 17462. Ауданда экономикалық белсенді 9472 адам бар. 584 адам аудандық жұмыспен қамту орталығына жолығып, соның 275-і жұмыссыз ретінде тіркелген.


Орталық директорының айтуынша, бүгінгі таңда «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағытына сай техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлап, оқыту қолға алынуда. Сонымен бірге жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту көзделінуде.  Ауданда 127 адамды оқытуға 21,489 миллион теңге мөлшерінде қаржы қарастырылған.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале